Ақтаулық жастарға арналған тимбилдинг өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда
12 тамыз — Халықаралық жастар күніне орай, Ақтау қалалық қоғамдық даму орталығы теңіз жағалауында қала жастарына, NEET санатындағы жастарға және ерікті жастарға арналған ерекше күн ұйымдастырды.

Бұл күн теңіз иісін, жаздың соңғы демін, достық пен бірліктің ыстық лебін біріктірді.Шараға 70-тен аса жас қатысып, 9 сағат бойы бір-бірімен танысып, жаңа достар тауып, командалық рухты сезінді.

 Бағдарлама мазмұны:
•  Қызықты тимбилдинг ойындары — топтық жарыстар, сенімділік пен бірлікті арттыратын тапсырмалар;
•  Ән мен би — сахнада жас таланттардың өнер көрсетуі, көңіл-күйді көтерген әуендер;
•  Концерттік бағдарлама — әр түрлі бағыттағы өнерпаздардың керемет нөмірлері;
•  Ашық аспан астындағы фильм — жылы самал мен теңіз дыбысы аясындағы романтика;
•  Түрлі-түсті Holi Party — бояулар шашылып, эмоция толқыны асқақтаған сәттер.

ZHAS FEST-2025 — бұл жай ғана іс-шара емес, бұл — жас буынның бірлігін, шығармашылығын және қуатын айшықтаған нағыз мереке.

Баршаңызды 12 тамыз – Халықаралық жастар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

#ZHASFEST2025
#ХалықаралықЖастарКүні
#ЖастарменБірге
#АқтауЖастары
#NEETжастар
#ТеңізЖағалауында
#Голубаялагуна

 
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1049837?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version