2025 жылы 19 тамызда сағат 10:00-де Астана қаласы мәслихатының сегізінші сайланымының кезектен тыс сессиясы шақырылады.
Сессияның қарауына келесі сұрақтар енгізіледі:
- Астана қаласының жеңіл рельсті көлік станцияларына атау беру туралы.
- «Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласын басқару тәсімі туралы» Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 9 тамыздағы № 62/7-VIII шешіміне толықтыру енгізу туралы.
- Астана қаласында құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамы туралы.
- Астана қаласы мәслихаты депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы.
Астана қаласы
мәслихатының төрағасы
Т. Зейнұлқабден
Анықтама үшін телефон: 8 (7172) 55 66 36.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-maslihat/press/news/details/1051958?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау