1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы – тәуелсіз елдің жаңа даму жолын айқындаған тарихи шешім. Бұл құжат ғасырлар бойғы армандар мен ұлттың рухани мұраттарының заңды көрінісі болды.
Конституцияның 30 жылдығы – ел өміріндегі елеулі белес. Осы уақыт ішінде мемлекетімізде үлкен реформалар жүріп, Ата Заңымыз соның негізі ретінде қызмет етті. Конституция тек заңнама ғана емес, ол – ұлттық идея, ел бірлігі мен тұрақтылықтың негізі.
Бүгінде Ата Заң негізінде елімізде:
• Билік тармақтарының өзара тиімді әрекеті жолға қойылды;
• Конституциялық бақылау күшейтілді;
• Азаматтардың құқықтары кеңейіп, халықтың еркі бірінші орынға шықты;
• Мемлекеттік басқару жүйесі жаңғыртылды.
Конституция – ел дамуының навигаторы. Оны сақтау – әр азаматтың парызы. 30 жылдық мерейтой – өткенге тағзым, болашаққа сеніммен қарау. Бұл күн – әр қазақстандықтың Ата Заң алдындағы бірлік пен жауапкершілікті ұғынатын сәті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1049728?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау