Атырауда “Тыңдалмаған сөз жетім” атты тағылымды кітап кеші өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

“Atyrau Jastar Fest-2025” фестивалі аясында Хамит Ердеханұлы мен Нұрбол Маратұлының қатысуымен “Тыңдалмаған сөз жетім” атты тағылымды кеш ұйымдастырылды.

Іс-шараға 150-ге жуық қала тұрғыны мен қонақтары қатысып, жылы шырайлы, мазмұнды әңгімелер мен әдеби толғаныстарды тыңдады. Рухани мәнге толы бұл кеш қатысушылардың кітап оқуға деген сүйіспеншіліктерін арттырып, рухани құндылықтарды бағалауға ықпал етті.

Кеш барысында әдебиеттен бөлек, өмірдің терең мәнін, махаббаттың биік табиғатын ұқтыратын, жүрекке әсер етіп, ойға қалдыратын сырлы әңгімелер айтылды

Іс-шара Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен, “Жастар таңдауы – Атырау” қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-sayasat/press/news/details/1050399?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version