Аудан әкімі тұрмыстық қатты қалдықтар полигонының жұмысын сынға алды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🔹Аудан әкімі Айбек Көпенов Қарауылкелді ауылында орналасқан қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны мен сұйық қалдықтарды төгетін сүзу алаңын аралады.

🔹Нысандарды тексеру барысында тазалық сақтау, экологиялық талаптардың орындалуы және тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасы кеңінен талқыланды. Аудан басшысы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы бірқатар кемшіліктерге назар аударып, полигон жұмысына қатаң сын айтты.

🔹Сонымен қатар, әкім сенімгерлік басқару шартының талаптары орындалмағанына байланысты, келісімшартты бұзу мәселесін қарауды округ әкіміне тапсырды.

🔹Айта кетейік, бұл нысандар электрондық сауда алаңы арқылы конкурс негізінде, мемлекеттік мүлікті кейіннен сатып алу құқығынсыз, 3 жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға берілген. Атап айтқанда, сұйық қалдықтарды төгетін сүзу алаңы Төлеков Е.Ж-ге, ал қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны ЖК Орашевқа сенімгерлікке берілген.

🔹Аудан әкімі тиісті мекемелер мен жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар беріп, экологиялық қауіпсіздікті сақтау және тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру бағытында жұмысты күшейтуді міндеттеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-baiganin/press/news/details/1050478?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version