Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылы 12 тамыз күні Сегізінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының кезектен тыс 42-ші сессиясы өтті.

Сессия жұмысына Сарысу ауданы әкімінің міндетін атқарушы Жанғозы Жаркенов, Жаңатас қаласы әкімінің орынбасары мен ауылдық округ әкімдері, аудан әкімдігінің бөлімдері және тиісті мекеме, кәсіпорын басшылары, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

         Сарысу аудандық мәслихатының төрағасы Шаттық Мұсабековтың төрағалығымен өткен аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының күн тәртібіне: Сарысу аудандық мәслихатының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы                         «2025-2027 жылдарға арналған Сарысу ауданының қала және ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» №37-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе ұсынылды.

Аталған мәселе бірлескен тұрақты комиссиялардың отырысында тыңдалып, жан-жақты талқыланды.         

Күн тәртібіндегі мәселеге сәйкес аудандық мәслихат депутаттары сауалдарын қойды. Мәслихат төрағасы Шаттық Мұсабеков, мәслихат депутаты Талғат Наханов аудан әкімінің міндетін атқарушы Жанғозы Жаркеновке, баяндамашы, тиісті ауылдық округтің әкіміне Тоғызкент ауылындағы футбол алаңшасын жөндеуге қажетті қаржыны бөлу мүмкіндігін қарастыру жөнінде ұсыныс білдірді. Сондай-ақ, мәслихат депутаты Асанбай Сейналиев аудандағы бірқатар мектептердің жылу жүйелерін жөндеу үшін жоспарланған қаржының мерзімінде бөлінуін бақылауға алу қажеттігін жеткізді.

         Көтерілген сұрақтар бойынша баяндамашы және тиісті ауылдық округ әкімінің тарапынан жауаптары берілді. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша шешім жобасы қабылданды.

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-sarysu/press/news/details/1050452?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version