Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Азаматтарды қабылдау орталығында Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдауға 16 азамат келді. Келген азаматтар жол, қоғамдық көлік, аула абаттандыру, балалар ойын алаңын салу сияқты әлеуметтік маңызы бар мәселелерді қозғады.

«Тұрғындар көтерген әрбір мәселе назарға алынып, шешу жолдары заңды түрде қарастырылады. Біз үшін халықтың ұсыныстары мен өтініштері – басты басымдық», – деді Бекжан Бапышев.

Қабылдау кезінде тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Еске сала кетейік, жеке қабылдауға жазылу үшін Семей қаласы әкімдігінің ғимаратына келіп (Мәңгілік Ел көшесі, 4-үй), 107 кабинетке жазбаша өтініш қалдыру қажет.

Қосымша ақпарат алу үшін: 52-35-08.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey/press/news/details/1051040?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version