“БАТЫРДЫҢ БІЛЕГІ”, “ЖИРАФ”….
“Бір ауыл – бір өнім” атты көрмеде Шолақаңқаты ауылдық округінің тұрғыны Әлия Досанованың ет өнімдері – әсіресе, ысталған қойдың құйрығы, «Батырдың білегі», «Жираф» және «Аңшылық» шұжықтары, жылқы етінен жасалған сервелаттары тәбет тартатын иісімен келушілерді жанынан ұзатпаған.
Үй – жайының қамын күйіттеп, ошағының отын сөндірмей отырған әйел – аналарға табыстың сырын үйреткен Әлия ханымның цехына барып, берекелі бейнеті туралы алдағы уақытта кеңірек баяндауға тиістіміз.
Ал, «Қаз баққан қазақ» («Сырым елі» газетіндегі мақаланың атауы) көгерістік Мереке Меңжанов бүгін қаз етін ыстап, арнайы заттаңбасы бар орамамен ұсынып жүр екен. Мерекенің қаздары – жанұялық мерекелердің сәні, жолаушылап жүргенде жақыныңа апаруға арналған тамаша сый.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-syrym/press/news/details/1052152?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау