Бақылау-касса машинасының чегі мынадай ақпаратты:
салық төлеушінің атауын;
салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірін;
бақылау-касса машинасының зауыттық нөмірін;
бақылау-касса машинасының салық органындағы тіркеу нөмірін;
чектің реттік нөмірін;
тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жасалған күн мен уақытты;
тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бір бірлігі үшін бағасын;
фискалдық белгіні;
деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының бақылау чегінің төлнұсқалығын тексеру үшін фискалдық деректер операторының атауын және фискалдық деректер операторы интернет-ресурсының деректемелерін;
тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауын;
сатып алынатын тауардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің санын, олардың өлшем бірлігін;
тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті сатудың жалпы сомасын;
егер салық төлеуші қосылған құн салығын төлеуші болып табылса – тауарларды, жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді өткізу бойынша, қосылған құн салығы салынатын айналымдар жөніндегі мөлшерлемені көрсете отырып, қосылған құн салығының сомасын;
бақылау-касса машинасы пайдаланылатын жердің мекенжайын;
бақылау-касса машинасының чегі туралы ақпаратты кодталған түрде қамтитын штрих кодты қамтуға тиіс.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 9 және 15 тармақшаларының ережелері деректер беру функциясы жоқ бақылау-касса машиналарының чектеріне қолданылмайды.
Банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қолданатын аппараттық-бағдарламалық кешендердің бақылау чегінің нысаны мен мазмұны уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді.
Валюта айырбастау, металл сынықтарын, шыны ыдысты қабылдау пункттерінде, ломбардтарда қолданылатын бақылау-касса машиналарының чегі сату сомасы және сатып алу сомасы туралы ақпаратты қосымша қамтуға тиіс.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1049750?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау