Бөрлі ауданының оқушысы үш дүркін әлем чемпионы атанды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Моңғолияның Бай—Өлке қаласында тірек-қимыл аппараты және көру қабілеті зақымданған спортшылар арасында тоғызқұмалақтан Әлем чемпионаты өтті. Бұл дүбірлі додаға әлемнің түкпір-түкпірінен 12 мемлекетінен ең мықты спортшылар жиналып, шеберлік пен төзімділіктің нағыз сайысын көрсетті.
Бұл байрақты бәсекеде Бөрлі ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі, Ақсай қаласының №6 мектеп-лицейінің оқушысы жоғары деңгейде өнер көрсетіп, сенсациялық нәтиже тіркеді:
🏆 Хамидуллина Азария
—🥇орын (классика)
—🥇орын (рапид)
—🥇орын (блиц)
Азария үш алтын медаль жеңіп қана қоймай, ҚР еңбегі сіңген спорт шебері атағына ие болды!
Спортшыны жарысқа дайындаған Сайлан Матылов.

Құттықтаймыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-borli/press/news/details/1051113?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version