БОЛАШАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТІКЕЛЕЙ ДАУЫС БЕРУІ АРҚЫЛЫ КӨПШІЛІКТІҢ ТАҢДАУЫМЕН САЙЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 10 тамызда өткен сайлаудың қорытындысы және Қарақия ауданы аумақтық сайлау комиссиясының қаулысы негізінде  Болашақ ауылдық округінің әкімі болып Тачкараев Жамбыл Оңдасынұлы сайланды.

Қарақия ауданы аумақтық сайлау комиссиясының төраға орынбасары Дүйсенбай Атағараев  жаңадан сайланған әкімге қызметтік куәлігін табыстады.

Аудан әкімінің орынбасары Манар Төлегенов сайлауда халықтың таңдауы түскен, көпшіліктің дауысымен басымдыққа ие болған Тачкараев Жамбыл Оңдасынұлының жаңа қызметіне сәттілік тіледі. Ауыл тұрғындарымен ашық түрде, кері байланыс орнатып,  ауылдың одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында жүйелі жұмыстар атқаратынына сенім білдірді.

Тачкараев Жамбыл Оңдасынұлы – 1984 жылы дүниеге келген.

2010 жылы «Баишев» университетін аяқтаған. Отбасылы.

Алғаш еңбек жолын 2004 жылы «МГКС» ЖШС-ның жұмысшы болып бастаған.

 2007 жылдың маусым айынан, қараша айына дейін Уалиханов ауылдық округі әкімінің аппаратында іс – жүргізуші.

 2008 жылдың қаңтар айынан қыркүйек айына дейін Хромтау аудандық бөлімінің жетекші маманы.

2014-2016 жылдары Жаңаөзен қалалық экономика және қаржы бөлімінің инспекторы.

 2016-2024 жылдары №2 балалар мен жасөспірімдер спорт  мектебі директорының орынбасары.

2024 – 2025 жылдары жеке секторда қызмет атқарды.

 2025 жылдың ақпан айынан шілде айына дейін Жаңаөзен қаласы әкімдігінің «Отбасын қолдау орталығы» КММ-нің басшысы болып қызмет етті.

2025 жылдың шілде айынан осы уақыт аралығында Болашақ ауылдық округі әкімінің аппаратында инспектор болып қызметін атқарды.

Қарақия ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1049702?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version