БҚО-да мектеп ұстаздарына діни бірлестіктердің қызметі мен деструктивті ағымдардан сақтану жолдары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылдың 11 тамыз күні «Парасат» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Өрлеу» БАҰО» АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалының ұстаздарына арналған «Қазақстандағы діни ұйымдар қызметі және деструктивті ағымдардың қауіп-қатері» тақырыбында кездесу өтті.

Шара барысында теолог маман алдымен жалпы діни құндылықтар жөнінде түсіндіріп, деструктивті діни ағымдардың қоғамға тигізетін зияны мен қауіптері туралы кеңінен баяндады. Сонымен қатар, мұндай ағымдардан сақтану жолдары қарастырылды.

Кездесу соңында қатысушылар маманға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды. Жиынға қатысушылар теолог маманға және ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-din/press/news/details/1051608?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version