Екібастұзда күрделі жөндеу бағдарламасы басталды, жоспар бойынша ескірген лифттерді ауыстыру қажет

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жаңа лифтті бірінші болып Абай көшесі 49/4 үйдің 3-кірешегінің тұрғындары қабылдады, пәтер иелері өнеркәсіптік сараптама жасап, «Офис сервис» ЖШС уәкілетті операторымен қаражатты қайтару шарттарына қол қойды.

Жабдықтың қорытынды тексерісін «Экибастузлифтсервис» ЖШС өкілдері, авторлық және техникалық қадағалау, «Офис сервис» ЖШС операторы, тұрғын үй инспекциясы бөлімінің өкілдері, сондай-ақ, бастамашыл тұрғындар жүргізді. Пәтер иелерінің көпшілігінің шешімімен жұмыстарды Павлодар қаласындағы «Ертіс лифт» ЖШС мердігері орындады.

Ескірген лифтті ауыстыру – бұл басқару органы мен тұрғындардың бастамашыл тобының бірлігінің жемісі. «Жетпісбаев» ЖК төрағасына белсенділігі мен сапалы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары үшін алғыс білдіреміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ekibastuz-inspekcia/press/news/details/1049370?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version