ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛУДА
Қала тұрғындарын сапалы әрі үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз ету мақсатында Қызылорда қаласында 2025 жылға бекітілген инвестициялық бағдарлама аясында электр жүйелеріне құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
«Қызылорда электр тораптары компаниясы» АҚ-ның пайдалануындағы электр желілерінің ұзындығы 10 504 шақырымды, қосалқы станциялардың саны – 2018 дананы құрайды. Бүгінде оның 30,15 шақырым болатын ӘЖ-10/0,4 кВ электр желілері жаңартылуда. Сондай-ақ, 1299 дана электр энергиясын есепке алу құрылғыларын жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.
Алдағы уақытта 2 жиынтық телемеханика жүйесі, ұзындығы 16 шақырым болатын ӘЖ-35кВ Л-33, Л-34 ПС – 220/35/10кВ «КТЭЦ»-ПС-35/10кВ «Шұғыла» әуе желісі жаңғыртудан өтеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-energy/press/news/details/1050079?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау