Құрметті жастар!
Сіздерді Халықаралық жастар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Еліміздің болашағы – Сіздердің білімдеріңіз бен еңбектеріңізде, талпыныстарыңыз бен бастамаларыңызда. Жаңашылдық пен жігер, рух пен қайрат – жастардың басты күші.
Тәуелсіз Қазақстанның дамуы жолында әрқайсыңыздың қосар үлестеріңіз зор. Армандарыңыз асқақ, қадамдарыңыз нық болып, еңбектеріңіз еліміздің өркендеуіне бағытталсын!
Болашаққа деген сенімдеріңіз бен жігерлеріңіз әрқашан биік болып, барлық игі бастамаларыңыз сәтті жүзеге ассын!
Мереке құтты болсын!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1049828?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау