Кесте бойынша төлемдер келесідей есептеледі: төлемдерді алатын бірінші жылы зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинақтарының төлем мөлшерлемесіне – 6,5%-ға көбейтіліп, 12-ге бөлінеді. Келесі жылдары ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері зейнетақы төлемдерін индекстеу мөлшерлемесіне – 5%-ға өседі. Бұл ретте БЖЗҚ-дан жасалатын ай сайынғы зейнетақы төлем республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің (бұдан әрі – КД) кемінде 70% мөлшерінде болады (2025 жылы КД 46 228 теңге).
Белгілі бір санаттағы төем алушылар үшін: мерзімсіз белгіленген 1 немесе 2 топтағы мүгедектігі бар, сондай-ақ зиянды және қауіпті өндірістерде жұмыс істеген, жинақтары жиынтығында кемінде алпыс ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған адамдар үшін Әдістемеде ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшерін арттыратын түзету коэффициенттері көзделген. Бұл шарттардың біреуінен астамын қанағаттандыратын тұлғалар үшін ең жоғары мәні бар түзету коэффициенті қолданылады.
55 жасқа толған тұлғаларға зейнетақы төлемдерін есептеу және төлем жасау, сондай-ақ олар үшін жиынтығында кемінде 84 ай МКЗЖ төлеу кезінде:
– зейнетақы төлемін жүзеге асыру үшін КД кемінде 70% мөлшеріндегі шегі қолданылмайды;
– түзету коэффициенттері қолданылмайды;
– кезекті зейнетақы төлемінің сомасымен бірге КД-нің 70%-дан кем мөлшеріндегі жеке зейнетақы шотындағы қалдық төленбейді.
Айта кету керек, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін жүзеге асырылады.
Егер БЖЗҚ-дан төлем жасау күніндегі зейнетақы жинақтарының сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспаса (2025 жылы 753 252 теңге = 62 771х12), төлем бір рет толығымен жасалады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-astana/press/news/details/1050720?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау