Мәслихат төрағалары Семейдегі бейнелеу өнері музейіне барды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өңірге тарихи сәтті бөлісу үшін келген мәслихат төрағалары Семейдегі мәдениет нысандарымен танысуын жалғастырды.

Делегация Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінде болып, экспозициялармен және шығармашылық шеберханамен танысты.

Қонақтар Батыс Еуропа, орыс және қазақстандық өнер залдарын аралап, музей қорында сақталған бірегей туындыларды тамашалады.

Әсіресе, Қазақстанның бейнелеу өнері бөліміне ерекше қызығушылық танытып, оның тарихи және мәдени маңызын атап өтті.

Айта кетсек, бүгінде музей қорында 5 500-ден астам экспонат бар.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-abay/press/news/details/1050243?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version