Марқакөл ауылында ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

       “Таза Қазақстан” экологиялық бағдарламасы аясында Марқакөл ауылында ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілді. Шара барысында ауыл көшелері мен аулалары қатты тұрмыстық қалдықтардан, сынған ағаш бұтақтары мен басқа да қоқыстардан толық тазартылды.

        Тазалық жұмыстарына аудандық мекемелердің қызметкерлері, ауыл әкімдігі, сондай-ақ белсенді ауыл тұрғындары жұмыла қатысты. Бұл — тек қана ауылды абаттандыру шарасы ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғауға, табиғатқа ұқыпты қарауға бағытталған игі бастама.

       Осындай бірлескен еңбектің арқасында ауылымыздың келбеті жаңарып, тұрғындар үшін жайлы, таза және қауіпсіз орта қалыптасты.

       Тазалық — табыс кепілі!
Бірлігіміз бекем болса, ауылымыз әрқашан көркейеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-markakol/press/news/details/1049963?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version