2025 жылғы 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында республика көлемінде «Мектепке жол» атты дәстүрлі акция өткізілуде. Акцияның негізгі мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде әлеуметтік көмек көрсету, сондай-ақ әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу болып табылады.
Жаңасемей ауданының білім беру ұйымдарында аталған акция аясында бірқатар іс-шаралар жүргізілуде. «Озерки жалпы орта білім беретін мектебі» КММ – 9 оқушыға мектеп құралдары, мектеп формалары және қаржылай көмек көрсетілді. «А. Ибраев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ – «КМF» банкі демеушілік жасап, 5 оқушыны мектепке қажетті құралдармен (сөмке, 20 дәптер, сызғыш, қарындаш) қамтамасыз етті. Акция аясындағы жұмыстар жаңа оқу жылы басталғанға дейін және қыркүйек айының соңына дейін жалғасатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhanasemey/press/news/details/1051578?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау