Осы күндері өңірде «Ботай — Ұлы дала мәдениеті» тақырыбында ІІІ Халықаралық симпозиум өткізіліп жатыр.
Облыс үшін түрлі елдерден келген беделді археологтар, тарихшылар, мәдениет қайраткерлері мен ғылыми қауымдастық өкілдерін қарсы алу үлкен мәртебе.
Симпозиум аясында «Ботай — Ұлы дала мәдениеті» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды.
Іс-шараға ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаев, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев, Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов, сондай-ақ Түркі мәдениеті мен мұрасын сақтау халықаралық қорының өкілдері қатысты. Айта кету керек, аталмыш қор симпозиумның тиісті деңгейде өтуіне елеулі қолдау көрсетті.
Сонымен қатар, Петропавл қаласындағы бірқатар маңызды нысандарды араланды. Солардың бірі — облыс орталығына кіреберісте орналасқан Ботай ескерткіші, қазірдің өзінде қаланың жаңа көрнекті нысанына айналып отыр.
✅ Ботайдың ғылыми, туристік және ағартушылық орталық ретінде дамытуға бағытталған жүйелі жұмысты жалғастырылуда. Қазіргі кезде «Ботай. Затерянный мир» көркем фильмі түсіріліп жатыр.
Сонымен қатар, Айыртау ауданында құрғақ бие сүтін өндіретін зауыт ашуға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бұл жоба өңірдің агроөнеркәсіп кешені үшін аса маңызды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/1051577?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау