МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕР АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕР АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының «Электр энергетиканы дамыту және энергия тиімділігін арттыру» бөлімінің бас маманы лауазымына алғаш рет тағайындалған Исмаил Нұртас Ғаниұлы салтанатты түрде ант қабылдады.

Ант қабылдау рәсімі Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 16 тамыздағы №532 Жарлығымен бекітілген «Мемлекеттік қызметшілердің және Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының ант беру қағидаларына» сәйкес өткізілді.

Рәсім барысында Нұртас Ғаниұлы өз қызметіне адал болуға, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын мүлтіксіз сақтауға, халық пен мемлекет мүддесіне қалтқысыз қызмет етуге салтанатты түрде ант етті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-energy/press/news/details/1050080?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version