Облыс әкімі Серік Шәпкенов тұрғындарды жеке қабылдады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Тұрғындарды қабылдауға аудан әкімдері, басқарма басшылары және “Отбасы банк” өкілдері де қатысты, – деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Аймақ басшысына Атырау қаласы мен облыс аудандарынан 33 тұрғын түрлі сауалмен жүгінді.
Олардың қатарында тұрғын үймен қамтамасыз ету, жұмыспен қамту, мүмкіндігі шектеулі жандар мен әлеуметтік осал топтарды қолдау, инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелері бар.

Атап айтқанда, тұрғындардың бірі биыл мектеп бітірген немересіне Ақтөбе қаласындағы медициналық университетке түсуге облыстық грант бөлуді өтінді. Талапкер Ұлттық бірыңғай тестілеуден 50 балл жинаған. Облыс әкімі “Денсаулық сақтау” бағыты бойынша ұлттық және басқа де жоғары оқу орындарына түсу үшін кемінде шекті 70 балл жиналу керегін түсіндірді. Жергілікті бюджет есебінен грант алу конкурсына да ең төменгі өту балын жинаған талапкерлер ғана қатыса алады. Облыс әкімі мәселенің балама шешімі ретінде алдымен медициналық колледжге оқуға түсіп, кейін университетте жалғастыруды ұсынды.

Тұрғындар арасында баспана мәселесі әлі күнге дейін өзекті. Қабылдауға “мүгедектігі бар адамдар”, “толық емес отбасылар” және “бюджеттік сала қызметкерлері” санаты бойынша кезекте тұрғандар келді.
Оларға қолданыстағы заңнамада тұрғын үйді кезексіз беру қарастырылмағаны және пәтерлердің тек кезек ретімен бөлінетіні түсіндірілді. Баспаналы болудың мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында қабылдауда болған тұрғындарға “Отбасы банк” ұсынған жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар таныстырылды.

Әрбір өтініш бойынша қолданыстағы заңнамаға сай түсініктеме беріліп, тиісті мемлекеттік органдарға мәселені зерделеп, шаралар қабылдау тапсырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1049782?lang=kk

Exit mobile version