Алматы қаласының «City Center» сауда орталығында жер сілкінісі мен өрт кезіндегі іс-әрекеттер туралы халықтың хабардарлығын арттыру бойынша кезекті челлендж өткізілді. Құтқарушылармен бірге «Lider KZ» еріктілер ұйымы қатысты.
Басты мақсат – тұрғындарға төтенше жағдайлар туындаған жағдайда қалай әрекет ету керектігін еске салу, өйткені әркімнің өмірі мен денсаулығы дұрыс іс-әрекетке байланысты. Адамға лық толы сауда орталығының залдарында мамандар мен еріктілер тұрғындардан сауалнама жүргізді: алғашқы жер сілкінісінің дүмпулерінде қайда бару керектігін, түтін пайда болғанда ғимараттан қалай шығу керек екенін және дүрбелең сәтінде қандай әрекеттерді жасауға болмайтынын білесіз бе.
Акция барысында келушілер құтқарушыларға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, негізгі қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша жадынамалар мен ұсыныстар алды.
Алматы қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-almaty/press/news/details/1049422?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау