Қарағанды облысында сауда және ойын-сауық орталықтары мен базарларда өрт қаупін азайтуға бағытталған «Қауіпсіз сауда» республикалық профилактикалық акциясы ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында меншік иелерімен және жалға алушылармен кездесулер өткізіліп, өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптары түсіндірілді. Сауда орталықтарының бірінде өрт қауіпсіздігіне арналған тақырыптық көрме ұйымдастырылып, келушілер мен қызметкерлерге өрт кезінде өзін-өзі ұстау, эвакуациялау тәртібі және қоғамдық орындардағы өрттің негізгі себептері түсіндірілді.
Көрме стендтерінде оқу материалдары, өрт сөндіру құралдарының үлгілері және жеке қорғаныс құралдары қойылды. Мұндай шаралар тұрғындардың төтенше жағдайларға дайын болуын арттырып, өрт қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Қарағанды облысы ТЖД
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-karaganda/press/news/details/1049372?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау