Қауіпсіздік талаптары жаңартылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ұлытау облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен, Ұлытау облысы “Атамекен” ҰКП-де “Сауда базарларын жаңғырту жөніндегі Жол картасын” өзектендіру мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті.

Шараға Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау подполковнигі Ч. Самиев және Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының қызметкерлері қатысты.

Жиында өрт қауіпсіздігі талаптары және Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау, электроэнергетика, мемлекеттік мүлікті басқару мәселелері бойынша заңнамалық өзгерістер түсіндірілді. Сондай-ақ, 25 тамыздан бастап азаматтық қорғау органдары адамдар көп жиналатын және биіктігі 28 метрден асатын ғимараттардың өрт қауіпсіздігіне сәйкестік қорытындысын беру функциясын атқаратыны атап өтілді.

 

                                                                                                       Ұлытау облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-ulytau/press/news/details/1050530?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version