Бүгін Түркістан қалалық Қоғамдық кеңестің жаңа құраммен алғашқы басқосуы өтті.
Кеңесте жаңа төраға сайланып, құрамның жаңа мүшелері таныстырылды. Ашық дауыс беру нәтижесі арқылы Қоғамдық кеңестің төрағасы болып бірауыздан Түркістан облыстық мәслихатының депутаты – Арыстанов Сүлеймен Тұрсынбайұлы сайланды.
Сүлеймен Тұрсынбайұлы 1970 жылы 15 сәуірде Түркістан қаласында дүниеге келген. Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-нің экономика факультетінің мемлекеттік басқару мамандығын аяқтап, қалалық маслихаттың бірнеше шақырылымында депутат болған.
Кеңес отырысына Түркістан қалалық мәслихатының төрағасы Ғаппар Амантайұлы, қала әкімдігінің бөлім басшылары және азаматтық ұйым өкілдері қатысып, кеңестің жаңа кезеңіне сәттілік тіледі.
Жиын соңында қоғамдық кеңестің алдағы жұмыс жоспары мен өзекті мәселелері талқыланды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1049838?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау