Алматы облысының Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының газдандыру және сумен жабдықтау бөлімінің басшысы Г. Мұратов мердігер ұйымдар, ТКШ, сәулет бөлімі және Қонаев қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі өкілдерімен бірге «Қонаев қаласының бес шағынауданына жеткізуші газ құбыры мен газ тарату желілерінің құрылысы» жобасының орындалу барысын бақылау мақсатында бірлескен жұмыс сапарын өткізді.
Жоба аясында 19 және 20-шағынаудандар, сондай-ақ Арна, Спутник және Рауан аудандары қамтылған. Газдандыруды іске қосу 2026 жылға жоспарланған.
Ауқымды инфрақұрылымдық жоба Қонаев тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға және оларды заманауи әрі экологиялық таза энергия көзімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-energy/press/news/details/1049700?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау