САЙРАМДА ТҰРҒЫНДАРМЕН ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Бүгін аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Сержан Дүйсебаев тұрғындармен жеке қабылдау өткізді. Кездесу барысында азаматтар көшені абаттандыру, балалар ойын алаңшасын жөндеу, көше жарық шамдарын орнату, қызметтік үй мәселесін шешу, жер телімінің мақсатты пайдаланылуын өзгерту, ауыз су мен ағын су жеткізу, жол салу сияқты бірқатар өзекті мәселелерді көтерді.
Сержан Дүйсебаев әрбір өтінішті тиісті бөлім басшыларының қатысуымен қарастырып, жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар берді. Жиында көтерілген мәселелердің орындалу барысы бақылауда болатыны атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-sairam-audany/press/news/details/1050698?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version