2025–2026 жаңа оқу жылы қарсаңында Сауран ауданында «Келешек мектеп» ұлттық жобасы аясында бой көтерген С.Қожанов атындағы жаңа білім ошағы оқушыларды қабылдауға дайындалып жатыр.
ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев, облыстық Білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ғалымжан Алматов және облыстық Білім басқармасы басшысының м.а. Ғалымжан Орынов бастаған жұмыс тобы нысанға барып, “Жайлы мектеп” құрылысымен танысты.
🏫 Заманауи стандарттарға сай мектепте оқу кабинеттері, зертханалар, кітапхана және спорт залы толық жабдықталған. Бұл – оқушыларға жайлы орта, ұстаздарға тиімді жұмыс жағдайы.
🔨 Сондай-ақ, жұмыс тобы «Молда Мұса атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-дегі ауқымды қайта жаңғыру – реновация жұмысымен танысты. Мұнда құрылыс материалдарының сапасы, жұмыс қарқыны және мерзімдердің орындалуы қатаң бақылауда.
🎯 Кездесу барысында нысандарды сапалы және уақытылы аяқтау міндеті атап өтілді. Сонымен бірге, «АДАЛ АЗАМАТ» біртұтас тәрбие бағдарламасының брендингі, бірыңғай безендіру стилі және мектептердің эстетикалық келбетін жақсарту бағыттары бағаланды және нақты тапсырмалар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-koksarai/press/news/details/1049069?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау