Қазақстандағы үшінші мегаполис — Шымкент қаласы сан ғасырлық тарихымен, мәдени байлығымен және көпұлтты халқының татулығымен ерекшеленеді.
Бүгінде қала тек экономикалық өсімнің ғана емес, рухани тұтастық пен этностар арасындағы достықтың жарқын үлгісіне айналды.
Шымкентте 100-ден астам этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп келеді.
Шымкент қаласының әкімі Ғ.Сыздықбеков төрағалық ететін Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы этносаралық келісімді нығайтуда маңызды рөл атқарып келеді.
Ұлт пен ұлысты бір шаңырақтың астына біріктіріп, ортақ мақсат жолында бірлесе еңбек етуге үндейтін бұл ұйым қоғамда бейбітшілік пен келісімді нығайтуға бағытталған 100-ден астам түрлі форматтағы іс-шараларды тұрақты түрде ұйымдастырып келеді.
Атқарылып жатқан жұмыстар жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуге де оң әсерін тигізуде.
Қалада мемлекет құраушы қазақ халқының салт-дәстүрі мен түрлі этностардың мәдениеті үйлесімді дамып, бұл үдеріс мемлекеттік саясатпен сабақтаса жүзеге асуда.
Бұл – Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев ұстанып отырған татулық пен келісімді басты құндылық ретінде бекем ұстанған сындарлы саясатының, сондай-ақ жергілікті биліктің жүйелі жұмысының нақты нәтижесі.
Қала тұрғындарының ауызбіршілігі мен татулығы – Шымкенттің басты байлығы.
#МирИСогласие #ЗаМир #МыВместе #PeaceAndHarmony #PeaceForAll #TogetherForPeace #ҚХА30жыл #АНК30лет #APK30years #АНК #ANK
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-al-farabi/press/news/details/1049587?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау