«Shymkent Invest – Front Office» алаңында ABYROI UNIVERSITY компаниясымен кездесу өтті.
Кездесу аясында Шымкент қаласында халықаралық форматтағы университет салу жобасы таныстырылды. Жоба IT, педагогика және агротехникалық бағыттарды қамтиды. Жалпы инвестиция көлемі – 12 млрд теңге. Іске асыру кезеңі: 2025–2029 жылдар.
Кездесу нәтижесінде білім беру саласындағы серіктестікті дамыту мақсатында екіжақты меморандумға қол қойылды.
Шымкент – білім мен инновацияның жаңа орталығы!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-kasipkerlik/press/news/details/1051140?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау