СЫРЫМНАН ШЫҚҚАН “ТОЛАҒАЙ” 700 КЕЛІ АРБАНЫ СҮЙРЕДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
СЫРЫМНАН ШЫҚҚАН “ТОЛАҒАЙ” 700 КЕЛІ АРБАНЫ СҮЙРЕДІ
“Ақ бидай” – ға жиналған жұртты қызықтырған – алыптар сайысы.
“Толағай” – нағыз ауылда жүрген жауырыны қазанның қақпағындай, атан жілікті жігіттерді таныстырған кезең.
Бұл жарыста сырымдық Ермек Бисенов жеңімпаз атанып, мерейді асырды. Кіл мықтылардың ішінен шын мықтыны анықтаған ауыл спорт ойындарының шешуші сайысында Ермек бес кезеңнің үшеуінде жеңімпаз, біреуінде күміс жүлдегер атанды.
Атап айтсақ:
орын – 100 келі бөренені көтеріп отырып-тұру;
орын – 100 келі тасты көтеріп жүру;
орын – 10 келі найзаны қашықтыққа лақтыру;
орын – 700 келілік арбаны сүйреу.
“Алып анадан туады” – десек, сол алыптың Сырым даласында туғаны мәртебе емес пе?!
Ақпараттарды ұсынған: “Қайсар” спорт клубы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-syrym/press/news/details/1052145?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version