Тағамдарды дұрыс сақтау: негізгі ережелер

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Тағамдарды дұрыс сақтау – олардың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ең маңызды шарты. Сақтау мерзімдерін сақтамау тамақтан улануға және жіті ішек инфекцияларының дамуына әкелуі мүмкін.
Дайын тағамдарды сақтау бойынша негізгі ережелер
Пісіруден кейін салқындату. Дайын тағамдарды бөлме температурасына дейін суытқан соң бірден тоңазытқышқа қою керек. Ыстық тағамды тоңазытқышқа қоюға болмайды, себебі ол камера ішіндегі температураны көтеріп, басқа өнімдердің сақтау жағдайын нашарлатады.
Температура мен ыдыс. Сақтау мерзімдері тағам герметикалық контейнерде +4 °C-тан аспайтын температурада сақталған жағдайда ғана өзекті. Ең қолайлы ыдыс – әйнек ыдыс; сонымен қатар арнайы көп рет қолданылатын zip-пакеттерді пайдалануға болады.
Ет және балық тағамдарын сақтау мерзімі. Еттен, құстан және балықтан дайындалған тағамдар жабық контейнерде 24 сағаттан артық қауіпсіз болмайды.
Көкөніс тағамдары мен салаттар. Көп құрамды салаттар мен көкөніс тағамдарын тұздықсыз 24 сағатқа дейін сақтауға болады. Қаймақ, майонез немесе өсімдік майы қосылған жағдайда сақтау мерзімі бірнеше сағатқа дейін қысқарады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1049922?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version