Ұлы Халықтың – Ұлы Абай: 180 жылдық өлшемі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сандықтау аудандық өлкетану мұражайында қазақтың ұлы ақыны, ойшылы әрі ағартушысы Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған «Ұлы халықтың – ұлы Абайы» атты онкүндіктің салтанатты жабылу рәсімі өтті.
Іс-шара барысында қатысушыларға құттықтау сөз арнаған Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары Сәуле Жайылғанова Абай мұрасының жас ұрпақ үшін рухани құндылық ретінде маңыздылығын атап өтіп, онкүндікті ұйымдастыру мен өткізуге белсене атсалысқан барлық азаматтарға алғыс білдірді.
Шара аясында ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған бейнематериалдар көрсетіліп, оның әдеби мұрасы, қазақ халқының мәдениеті мен философиялық ой-санасына тигізген ықпалы туралы мазмұнды баяндамалар ұсынылды.
Кеш соңында мәдени-ағартушылық бағдарлама аясында белсенділік танытып, игі іске өз үлесін қосқан қатысушыларға алғыс хаттар салтанатты түрде табысталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/press/news/details/1051041?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version