Ұлы халықтың, ұлы Абайы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Самбай ауылдық
мәдениет үиінде ұлы акын, данышпан ойшыл Абай Құнанбайулының 180 жылдық мерей тойына орай
” Ұлы халықтың, ұлы Абайы” атты әдеби кеші өтті.
Кештің мақсаты – ұлы ойшылдың мол мұрасын жас ұрпаққа насихаттап, олардың рухани дүниесін байыту, отансүйгіштік пен адамгершілікке тәрбиелеу. Іс -шара барысында оқушылар Абайдың
өмір жолы және шығармашылығымен танысты.
Ақынның өлеңдерін жатқа айтып, қара сөздерінен
үзінділер оқып, мәдениет үйінің қызметкерлері
әннен шашу шашты. Сонымен қатар, “Абай- мұрасы”
атты кітап көрмемен таныстырып, ұлы тұлғаның
терең ойлы туындыларына библиографиялық шолу
жасады. Әдеби кеш Абай атамыздың “Көзімнің қарасы” әнімен аякталды. Кеш қонақтары оқушылардың
өнеріне жоғары баға беріп, Абай
мұрасын насихаттаудағы бұл шараның
маңыздылығын атап өтті. Қазақтың ұлы ақыны
халқына өшпес мұра қалдырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-karaagash/press/news/details/1051616?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version