ЖАСТАР – ЕЛ ЕРТЕҢІНІҢ ЖАРҚЫН БЕЙНЕСІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін, 12 тамыз – Халықаралық жастар күні және елімізде жарияланған “Жұмысшы мамандықтар жылы” аясында аудан жастарымен кездесу өтті. Шара барысында ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, құрылыс және өзге де салаларда жемісті еңбек етіп жүрген белсенді жастар аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталып, естелік сыйлықтар табысталды.
Аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен өткен мерекелік шараға аудан әкімінің м.у.а. Әшірбаев Мұхамедғали Шыршықбайұлы арнайы қатысып, аудан жастарын мерекемен құттықтап, “Жастар – елдің ертеңі, халықтың үміті, болашақтың алтын қазығы. Қай салада еңбек етсеңіздер де, адалдық пен білімділікті серік етіп, биік шыңдарды бағындырып келесіздер. Баршаңызға зор денсаулық, таусылмас шабыт, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Армандарыңыз асқақ, болашақтарыңыз жарқын болсын” -деді.
Сонымен қатар мереке қарсаңында білім мен денсаулық сақтау салаларының жас мамандары, сондай-ақ жастар орталығының қызметкерлері аудандық мәслихат төрағасы Тайбек Қалымбетов пен “AMANAT” партиясының Қазығұрт аудандық филиалы төрағасы Есімхан Исақұловтың алғыс хаттарына ие болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kazygurt-audany/press/news/details/1050760?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version