«Жастар – елдің бүгіні» атты гала-концерт

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Жастар – елдің бүгіні» атты гала-концерт

Алматы облысы Жамбыл ауданында Халықаралық жастар күніне орай «Жастар – елдің бүгіні» атты салтанатты гала-концерт өтті.

Шараның мақсаты – жастардың қоғамдық белсенділігін арттыру, олардың интеллектуалдық, шығармашылық және кәсіпкерлік әлеуетін қолдау, азаматтық жауапкершілікті нығайту болды.

Шараға Жамбыл ауданының әкімі Нұрлан Ертас қатысып, аудан жастарын мерекемен құттықтап, олардың ел дамуына қосып келе жатқан үлесін атап өтті.

Кеш барысында білім, мәдениет, спорт, еріктілік және кәсіпкерлік салаларында табысқа жеткен жас азаматтар аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Сонымен қатар, концерт сахнасында елімізге танымал жас әншілер мен өнер жұлдыздары өнер көрсетті.

Мерекелік кешке 5000-нан астам аудан жастары мен тұрғындары жиналып, бұл күн жастардың бірлігі мен белсенділігінің айқын көрінісіне айналды.

Концерт аясында ел дамуына үлес қосу, қоғамдық өмірге араласу, еңбекке құрметпен қарау және жауапкершілік сынды құндылықтар кеңінен насихатталды. Шара жас буынның сергек көзқарасын, жаңа идеялар мен бастамаларға ашықтығын айқындады.

Жамбыл ауданы әкімдігі алдағы уақытта да жастардың бастамаларын қолдап, олардың әлеуетін арттыруға бағытталған жобаларды жүзеге асыра бермек.

Жамбыл ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-zhambyl/press/news/details/1050825?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version