«Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2025 жылдың 6 тамызында Әділет департаменті басшысының орынбасары Темирбек Нажикановтың және бөлім басшыларының қатысуымен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ өкілімен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында құқықтық ағарту тақырыбындағы бейнероликтерді тарату мәселелері, сондай-ақ халықты мемлекеттік қызметтер туралы хабардар етуді жақсарту және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруды қоса алғанда, өзара іс-қимылдың басқа да бағыттары талқыланды.
Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1049077?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау