Департаментпен бекітілген «Қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кездегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру мәселесі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу» кестесіне сәйкес, Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Дүрменов Рауан Жұмадуллаұлының іс сапары барысындағы кезекті кездесуі Қазығұрт ауданында жалғасын тапты.
Қазығұрт ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Заитов Мақсат, «Halyk Life» АҚ-ның Түркістан облысы бойынша филиалының өкілі Рустемова Гулмира Халилқызы және ауданға қарасты жұмыс жасайтын кәсіпорын мен ұйымдардың басшыларының қатысуымен өткізілген кездесуде өндіріс орындарындағы қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кездегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарының маңыздылығы талқыланды.
Кездесу барысында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Рауан Жұмадуллаұлы жұмыс берушінің жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасуын жүзеге асыру маңыздылығына түсіндіре отырып, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 230-бабы 2-тармағына сәйкес, жұмыс беруші міндетті сақтандыру шарттарын жасаспаған жағдайда салынуға әкеп соғатын тиісті айыппұл көрсеткіштеріне талдау жасап өтті.
Кездесу соңында кәсіпкерлер тарапынан міндетті сақтандыру шарттары мәселесіне қатысты қойылған сұрақтарға жауап беріліп, кәсіпорын иелері тарапынан туындаған пікірлер мен ұсыныстары тыңдалды.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау