🔰 ТҮЛКІБАС: АУДАН КӘСІПОРЫН ИЕЛЕРІНЕ ЖҰМЫСКЕРЛЕРДІ ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАРДАН МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУ ШАРТТАРЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін, Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторлары Смадияр Алдияр Шаниярұлы мен Биділдә Ербол Серікбайұлының іс сапар барысындағы кезекті кездесуі Түлкібас ауданында жалғасын тапты.
 
Департаментпен бекітілген «Қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кездегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру мәселесі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу» кестесіне сәйкес, Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторлары Түлкібас ауданындағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында Түлкібас ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Құрманалиев Бекайдар Жанәліұлы, «Freedom Life» АҚ-ның Түркістан облысы бойынша филиалының, «Halyk Life» АҚ-ның Түркістан облысы бойынша филиалының ресми өкілдері мен ауданға қарасты кәсіпорын иелерінің қатысуымен өндіріс орындарындағы қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кездегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
 
Кездесу барысында Алдияр Шаниярұлы жұмыс берушінің жұмыскердің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасуын жүзеге асыру маңыздылығына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
 
Сонымен қатар, мемлекеттік еңбек инспекторлары жұмыс беруші міндетті сақтандыру шарттарын жасаспаған жағдайда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 230-бабы 2-тармағына сәйкес, салынуға әкеп соғатын тиісті айыппұл көрсеткіштеріне, сақтандыру кезінде есептелетін сыйақы мен өтемақы мөлшері туралы да тарқатып өтті.
 
Кездесу соңында кәсіпорын иелері тарапынан міндетті сақтандыру шарттары мәселесіне қатысты қойылған сұрақтарға жауап беріп, кездесу барысында көтерілген мәселелер бойынша ұсыныстар айтылды және кәсіпкерлік субъектілерін бірлесе іс-шаралар атқаруға шақырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1047465?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version