Ұлы ойшыл, кемеңгер ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай елімізде «Абай күні» кең көлемде аталып өтуде.
Бұл күн — қазақ халқының рухани жаңғыруының, ұлттық болмысының темірқазығы болған Абай мұрасын насихаттау, жастарға үлгі ету күні.
2020 жылдан бастап ресми түрде аталып келе жатқан бұл күн — халқымыздың ой-санасын жаңғыртып, бірлікке шақырған дана тұлғаны ұлықтауға арналған.
Мерейтойлық шаралар еліміздің барлық аймағында өтіп, Абай сөзі — әнде, жырда, кітапта, сахнада жаңғырып, жүректерге жол тартуда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-khobda-bulak/press/news/details/1048430?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау