Ұлы ақын, ағартушы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай «Абай – дана,Абай – дара» атты кітап көрмесі «Бәйтерек» күндіз болу орталығындағы балаларға таныстырылды . Көрме барысында қатысушыларға Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мазмұнды видеоақпарат ұсынылып, ақынның таңдаулы өлеңдері тыңдатылды. Бұл іс-шара балалардың рухани дүниесін байытып, қазақ әдебиеті мен мәдениетіне деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.
Көрмеге Абайдың әр жылдары жарық көрген шығармалары, өлеңдер жинақтары, қара сөздері, сондай-ақ өміріне қатысты деректер мен иллюстрациялық материалдар қойылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – ұлы тұлғаның бай мұрасын өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау, әдеби-мәдени танымды арттыру және ерекше балалардың танымдық қабілеттерін дамыту болып табылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1047723?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау