Іс-шараға шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдері, өнер майталмандары, мәдениет қызметкерлері, жастар мен ауыл тұрғындары қатысты.
Бағдарламаның алғашқы, лекциялық бөлімінде көрермендер Ұлы ақын, ағартушының өмір жолы мен шығармашылық мұрасымен, сондай-ақ оның «Қара сөздерінде» көрініс тапқан философиялық ой-тұжырымдарымен танысты.
Концерттік бөлімінде Абайдың сырлы да сазды әндері мен күмбірлі күйлері орындалып, тыңдармандардың зор ықыласына бөленді. Әрбір өнер туындысы көрермендердің жүрегіне жол тауып, қошеметке бөленді.
Іс-шара соңында аудан әкімі Дарын Сабырғалиұлы ұлы ақынның мерейтойына арналған мәдени шараларды ұйымдастыруға және өткізуге елеулі үлес қосқан азаматтарға ризашылығын білдіріп, белсенді қатысушыларды аудан әкімінің Алғыс хатымен марапаттады.
Бұл мерекелік шара Абай мұрасының ұрпақ санасында мәңгі сақталатынын, оның даналығы мен өсиеттері қазақстандықтарды бірлікке, білімге және рухани биіктікке жетелей беретінін тағы да айқын көрсетті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1048383?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау