АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ 180 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОНКҮНДІК ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен “Оқырман іздейміз” жобасы бойынша саябақта “Абай әлемі – руханият бұлағы” атты поэтикалық кеш өтті.
 
Іс-шараның басты мақсаты – ұлы ақынның өнегелі мұрасын насихаттау, өлеңдері мен әндерінің терең мәнін жас ұрпақтың санасына сіңіру.
 
Кешке қатысқан қала тұрғындары мен жас оқырмандар Абайдың мәңгілік мұрасы саналатын өлеңдерін, қара сөздерін мәнерлеп оқып, халық сүйіп тыңдайтын әндерін шырқады.
 
Кеш барысында көрермендер назарына сахналық қойылым ретінде Абай бейнесі ұсынылып, ол халық арасына шығып, өлеңдерін оқып ерекше әсер қалдырды.
 
Оқырмандар арасында Абай шығармашылығына қатысты әдеби викториналар ұйымдастырылып, қатысушылар өлең жолдарын жалғастыру, қара сөздерден үзінді айту және тақырыпқа сай логикалық ойындарға қатысты. Белсенді қатысушыларға шара соңында естелік сыйлықтар табысталды.
 
Жиналған жұрт сахнадағы Абай бейнесімен естелік суретке түсіп, шарадан рухани шабыт пен көтеріңкі көңіл күймен тарасты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-madeniet/press/news/details/1048653?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version