Бүгін қаламыздағы «Алтын Алма» базарында Қазақстан Республикасы Конститутциясының 30 жылдығына арналған «Әр азаматқа-заңдық көмек» акциясы өткізілді.
Шараға департаменттің қызметкерлері, адвокат, нотариус, заң кеңесшілері мен сот орындаушылар қатысып, тегін заң көмегін берді. Шараның басты мақсаты – азаматтарға өз құқықтарын жүзеге асыруда көмек беру және құқықтық сауаттылықты арттыру.
Тұрғындар нақты жағдайларға байланысты сұрақтарын қойып, мамандардан кәсіби кеңес алды.
Мұндай іс шаралар қоғамда заңға деген сенімділікті нығайтып, халықпен ашық қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді.
Шараны облыстық «Ақжайық» телеарнасы таспаға түсірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-bko/press/news/details/1048647?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау