Әлеуметтік желілерде Әулиекөл ауданының Новонежин мектебінде жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарының сапасына қатысты сын айтылған бейнежазба таралуда.
Жарияланған материалдарда жөндеу жұмыстарының тиісінше орындалмағаны және балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнуі мүмкін екендігі туралы мәліметтер бар.
Аталған фактілерге объективті баға беру мақсатында Қостанай облысының прокуратурасы бірден шара қабылдап, облыс прокурорының орынбасарының қатысуымен нысанға шығу ұйымдастырылды.
Шығу барысында ғимараттың қазіргі жағдайына визуалды тексеру жүргізіліп, орындалған және алда атқарылатын жұмыстардың көлемі, сондай-ақ құрылыс алаңындағы қауіпсіздік шаралары бағаланды.
Сонымен қатар, Новонежин ауылының тұрғындарымен кездесу өткізіліп, оларға күрделі жөндеу жұмыстарының барысы, аяқталу мерзімдері және оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен құқықтарының сақталуын қадағалау бойынша прокуратура органдары қабылдап жатқан шаралар жөнінде түсініктемелер берілді.
Атап айтқанда, Қостанай облысының прокуратурасы осы мәселе бойынша уәкілетті органдарды тарта отырып, тексеріс тағайындады.
Тексеру іс-шаралары аясында тапсырыс берушінің, мердігер ұйымдардың және жауапты лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады.
Тексерістің барысы мен нәтижелері облыс прокуратурасының ерекше бақылауында.
Қостанай облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kostanay/press/news/details/1047749?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау