«Айыртау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 8-13-1 «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы»шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәслихатының шешімінің жобасына
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Осы нормативтік құқықтық актіні қабылдаудың негіздемесі Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2025 жылғы 28 шiлдедегi № 279 бұйрығы «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».
Мәслихаттың бұл шешімінің мақсаты:
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының заңды мүдделерін іске асыру және ҚР Заңдарына сәйкес келтіру мақсатында.
Нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Шешім жобасы «Электрондық үкімет» порталында ашық нормативтік құқықтық актілер бөлімінде және «Айыртау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сайтында орналастырылған.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің басшысы Е.Қазбеков
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/airtau-ozsp/press/news/details/1047741?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау