2025 жылғы 7 тамызда Алматы қаласының Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының бастамасымен, «Нұрлы Тау» тұрғын үй кешені тұрғындарының «Нұрлы Тау» МИБ қызметіне қатысты өтінішіне байланысты көшпелі жиналыс өткізілді.
Жиналысқа уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері, соның ішінде қалалық прокуратура, ТЖД, Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы, Бостандық ауданының әкімдігі, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ, жылу желілері, қызмет көрсетуші ұйым және тұрғындардың бастамашыл тобының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында тұрғындар көтерген мәселелер қаралып, тиісті мемлекеттік органдардың құзыреті шеңберінде түсініктемелер берілді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының жаңа «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының нормалары және көппәтерлі тұрғын үйлерді тиімді басқару үшін ТКШ саласына цифрлық платформаларды енгізу мәселелері түсіндірілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-uzh/press/news/details/1047996?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау