Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов құрылысшы күні қарсаңында сала мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, алғыс хат табыстады.
Қала әкімі экономиканың тұрақты өсімі мен халықтың өмір сүру сапасын жақсартудағы құрылыс саласының маңызды рөлін атап өтіп, сала иелеріне ізгі лебізін арнады.
– Ақтау қаласының әдемі келбеті, оның көз тартар көшелері, көпқабатты тұрғын үйлері, әлеуметтік және инфрақұрылымдық ғимараттарының барлығы құрыш білек құрылысшының шынайы еңбегі. Сіздердей қажырлы мамандық иелерінің арқасында шаһардың экономикасына жан бітіп, даму деңгейі артатынына сенімдімін. Келе жатқан кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын, – деді Әбілқайыр Байпақов.
Жиын соңында Әбілқайыр Байпақов құрылыс саласын дамытуға қосқан үлесі үшін үздік қызметкерлерге марапаттар табыс етті.
Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1048912?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау