Әскерилер теңіз жағалауынан қоқыстарды жинап, қоршаған ортаны қорғау ісіне бір кісідей атсалысты. Нәтижесінде «Жылы жағажай» аумағынан 6 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.
– Ақтау қаласының түрлі сала өкілдері сенбілікке өз еркімен атсалысып жатқанын көріп, біз де, 29011 әскери бөліміндегі 80 сарбазбен үлесімізді қосу үшін «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілікке өз қалауымызбен қатысып отырмыз. Мұндай шаралардың маңызы жоғары, – деді 29011 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, бөлім бастығы, подполковник Асылхан Маралбаев.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1048909?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау